Президент ұлытаулық Ауыл шаруашылығы еңбеккерін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM — Бүгін Астана қаласында Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің II форумы өтті, деп хабарлайды Ұлытау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Президент Ұлытау облысының Ауыл шаруашылығы еңбеккерін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады
Фото: Ақорда

Аталған іс-шараға Ұлытау облысынан 30-ға жуық фермер, диқан және ауыл шаруашылығы саласының өкілдері қатысты.

Президент Ұлытау облысының Ауыл шаруашылығы еңбеккерін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады
Фото: Ақорда

— Осы айтулы жиында жерлесіміз Мұханбетжанов Асқар Әлиұлы «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды. Асқар Әлиұлы — Жезқазған қаласында орналасқан «Аяс» шаруа қожалығының басшысы. Қожалықтың негізгі қызмет бағыты — мал шаруашылығы. Асқар Әлиұлы өңірде ұйымдастырылатын мәдени және қоғамдық-саяси іс-шараларға белсене атсалысып, жәрмеңкелерде халыққа сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынып келеді, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Президент Ұлытау облысының Ауыл шаруашылығы еңбеккерін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады
Фото: Ақорда
Президент Ұлытау облысының Ауыл шаруашылығы еңбеккерін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады
Фото: Ақорда

Әкімдік атап өткендей, көп жылдық тәжірибесі бар кәсіпкер ретінде ол ұжым арасында да, жергілікті тұрғындар арасында да зор құрмет пен беделге ие.

Соңғы жаңалықтар