Президент Үндістан Премьер-министрін Қазақстанға мемлекеттік сапарға шақырды

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Модидің туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. 

Президент Үндістан Премьер-министрін Қазақстанға мемлекеттік сапарға шақырды
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модидің тегеурінді әрі парасатты басшылығымен Үндістан экономикалық өсім, орнықты даму және ғылыми-техникалық әлеует тұрғысынан жаһандық көшбасшылардың бірі ретінде позициясын нығайтып келе жатқанын атап өтті.

— Мемлекет басшысы Нью-Делиде өткен БРИКС саммиті барысында көрсетілген сый-құрмет пен қонақжайлық үшін Үндістан Үкіметінің жетекшісіне ризашылығын білдірді, — делінген Ақорданың хабарламасында.

Сондай-ақ Нарендра Модимен екіжақты кездесу нәтижелі болғанына назар аударып, оны Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі.

Бұған дейін Үндістан Премьер-министрі өзінің X парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаевпен нәтижелі пікір алмасқаны туралы жазғанын хабарлаған едік.