Президент Үндістанның Республика күніне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

АСТАНА. KAZINFORM  — Мемлекет басшысы Премьер-министр Нарендра Модиға Үндістанның Республика күніне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент Үндістанның Республика күніне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті құттықтауында Премьер-министрдің дана басшылығының арқасында Үндістан сенімді түрде алға қарай қадам басып, экономиканы дамытуда және азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруда айтарлықтай табысқа жеткенін атап өткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модидің мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі.  

Соңғы жаңалықтар