Президент Юрий Аравиннің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты

АСТАНА. KAZINFORM - Президент көрнекті мәдениет қайраткері, «Отан» орденінің иегері Юрий Аравиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы өнертанушының қазақ фольклорлық және классикалық музыкасын дәріптеуге қосқан айрықша үлесін атап өтті.

Осыған дейін Қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері Юрий Аравиннің өмірден озғаны туралы жаздық. Хабарды Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жеткізді.

Оның атап өтуінше, Юрий Аравин қазақ музыкасына, халық композиторлары мен ақындарының мұрасына арналған бірқатар телерадио бағдарламасын жасады. Қазақ фольклорына шын жүрегімен ғашық, талантты музыкатанушы ретінде халқымыздың дәстүрлі музыкасының бай әлемін тыңдарманға жаңа қырынан танытты.

 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар