Тоқаев жаңадан тағайындалған Әділет министріне бірқатар тапсырма берді

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевты қабылдады
Фото: Ақорда

Президентке әділет органдары қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын жүзеге асыру аясында белгіленген министрліктің мақсаттары мен міндеттері жөнінде баяндалды.

— Қасым-Жомарт Тоқаевқа нормативтік актілер әзірлеу қызметінің сапасын арттыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету және әділетті әрі қауіпсіз қоғам қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берілді. Мемлекет басшысы құқықтық жүйені нығайту үдерісінде азаматтардың құқы мен мүддесіне ден қоюдың маңызын атап өтті, — делінген хабарламада.

Кездесу соңында Президент бірқатар тапсырма берді.

Еске салсақ, 9 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Сәрсембаев Әділет министрі болып тағайындалды.

Осыған дейін Президент белгілі жазушы Төлен Әбдікке жеделхат жолдағанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар