Президент Жапония Императорына құттықтау жеделхатын жолдады

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Президент Жапония Императорының туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  

Президент Жапония Императорының туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық пен өзара қолдауға негізделген сан қырлы ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында жандана беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Император Нарухитоның игі бастамаларына мол табыс, ал достас жапон халқына бақ-береке тіледі.  

Айта кетелік Қасым-Жомарт Тоқаев Санаэ Такаичиді Жапонияның Премьер-министрі лауазымына қайта сайлануымен құттықтаған еді

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум