Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Президент Жапония Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

АСТАНА. KAZINFORM – Ақорда Мемлекет басшысының Жапония Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдағанын хабарлады.

в
Фото: Ақорда

- Президент Жапонияның Кумамото префектурасында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген азаматтың қаза табуына байланысты Премьер-министр Санаэ Такаичиге, жақындарынан айырылған отбасыларға және Жапония халқына көңіл айтты, - делінген ақпаратта.

Қасым-Жомарт Тоқаев қайтыс болған жандардың туыстарының сабырға келуіне, жарақат алған адамдардың тез арада сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

Айта кетейік, Жапонияда күшті жер сілкінісінен қаза болғандар саны 35 адамға жеткені мәлім болды.