Президент жарлығымен бірқатар елдің елшілері тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның Моңғолиядағы, Шри-Ланкадағы, Швециядағы және Даниядағы елшілері тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
— Мемлекет басшысының жарлықтарымен: Алмас Сейтақынов Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды; Сергей Александрович Викторов Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды; Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Олжас Мұхамедғалымұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.
Бұған дейін Қазақстанның Моңғолиядағы елшісі қызметінен кеткені белгілі болды.
Еске салсақ, жақында Kazinform агенттігі жаңа «Мәлімет» жобасын іске қосты. «Мәлімет» − Қазақстанның медианарығында алғаш рет ұсынылған жаңа айдар, онда саясат, экономика, бизнес, ғылым, мәдениет секілді түрлі салада ел дамуына елеулі үлес қосқан танымал қазақстандықтардың өмірбаяны мен қызықты мәліметтері жарияланады.