16:43, 31 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Президент жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты беру туралы Жарлыққа қол қойды
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы 2024 жылы қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты беру туралы Жарлыққа қол қойды.

2024 жылы қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлық:
1) «Проза» номинациясы бойынша «2026» шығармасы үшін Есбол Социалханға;
2) «Поэзия» номинациясы бойынша «Боз ұшқат» өлеңдер жинағы үшін Жәнібек Бақытұлы Әлимановқа;
3) «Драматургия» номинациясы бойынша «Апатай» драмалық туындысы үшін Әлишер Жеңісұлы Айтуарға;
4) «Балалар әдебиеті» номинациясы бойынша «Рокет Ера. Синопсис» повесі үшін Әсет Жүкенұлы Сыздықовқа берілді.
Осыған дейін Президенттің мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы өкімге қол қойғанын хабарладық.