Президент жылу энергетикасы туралы: Үкіметтің қолы қордаланған проблемалардан босамай жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген 80 қалада жүйенің тозу көрсеткіші 92%-ға дейін жеткен. Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай дерек келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Инфрақұрылымды, бірінші кезекте коммуналдық инфрақұрылымды одан әрі дамыту жөніндегі жұмысты түбегейлі қайта құру қажет. Осы қыста жылумен қамтамасыз ету саласының сәтсіз жұмысы азаматтардың наразылығын тудырды. Жылу-электр орталықтарының жартысынан көбі қауіпті деңгейде, кейбір қалаларда тозу деңгейі 80%-дан асты», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жылу желілерінің орташа тозу көрсеткіші 54%-дың төңірегіне жеткенін де атап өтті.

«Ал орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген 80 қалада бұл көрсеткіш 75-тен 92%-ға дейін. Коммуналдық саланы жаңғырту мақсатында мен «Инвестиция орнына тариф» саясатына көшуді қамтамасыз етуді тапсырдым. Қазіргі жағдайда Үкімет жылдар бойы қордаланған мәселелерді шешуге мәжбүр болады. Бірақ басқа жол жоқ», - деді Президент.

Айта кетейік, Үкімет үйінде Президент төрағалығымен елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өтіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар
telegram