Президентімізді таңдауға жауапкершілікпен белсене қатысуымыз керек - Бибігүл Нүсіпжанова

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 9 сәуірдегі үндеуінде еліміз үшін өте маңызды ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешімін жария етті. Президент өз сөзінде: «Қазақстан - демократиялық мемлекет. Президент халықтың таңдауымен сайланады. Мен, Мемлекет басшысы ретінде, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін! Бұл - менің берік ұстанымым! Алдымызда зор міндеттер тұр. Мен халқымызға, яғни Сіздерге сенемін», деп сіздер мен бізге үлкен сенім артты», - деді ол.
Академия проректоры бүгінде мемлекетімізді құру мен нығайту, түрлі әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру, индустриялық-инновациялық даму, демократиялық қайта құру істерінде көптеген нәтижеге қол жеткізгенімізді атап өтті.
«Еліміздің ең басты құндылығы - ол халқымыздың ауызбірлігі, біртұтастығы. Сондықтан сайлауға қатысып, президенттікке кандидатқа дауысымызды беру арқылы елдің қоғамдық-саяси өміріне маңызды үлес қосу әрбір Қазақстан азаматының борышы. Сайлауға саналы түрде қатысып, ел тізгінін ұстар басшымызды таңдауға жауапкершілікпен белсене қатысуға шақырамын», - деді Бибігүл Нүсіпжанова.
Фото: www.egemen.kz