ПРЕЗИДЕНТТЕН ҰОС АРДАГЕРІНЕ: Бүгінгі қоғамның ардагерлерге деген үлкен құрметі мені қатты қуантады - майдангер А. Бекмәди

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл 92 жасқа келген ҰОС ардагері Ахат Бекмәди ақсақал Мәскеуде өтетін Жеңістің 70 жылдығына арналған шеруге барады. Бұл туралы ол ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында айтты.
None
None

«Жақында Астана қаласы, Алматы ауданы әкімі Президенттің атынан сый-сияпатын әкеп берді. Ең басты сыйлық - Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзі. Мемлекет басшысының, Үкімет басындағы азаматтардың, жергілікті билік өкілдерінің, жалпы бүгінгі ұрпақтың ардагерлерге деген құрметі мені қатты қуантады», - дейді ақсақал. А. Бекмәдияұлының айтуынша, жуырда оған Астана қалалық әкімдігінің мамандары хабарласып, биыл Мәскеуде өтетін Жеңістің 70 жылдығына арналған шеруге баруға қалай қарайтынын сұраған. «Мен бұл ұсынысқа қуана келістім. Осыдан 5 жыл бұрын Жеңістің 65 жылдығында да Қазақстаннан үш ардагер болып, Минскіге барып қайтқан едік. Одан кейін Мәскеуді қорғау шайқасының 70 жылдығына да барып қайттым. Енді Алла қалап, амандығын берсе, 70 жылдыққа арналған шеруге де барғым келеді», - дейді майдангер. Айта кетейік, А. Бекмәди ақсақал Ақмола өңірінде 1923 жылы дүниеге келген. Майданға 19 жасында шақырылып, Мәскеуді қорғау шайқасына қатысқан. Сол жерде жараланып, елге оралған соң, 44 жылдай мектеп мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры қызметтерін абыроймен атқарған.

Соңғы жаңалықтар