Президенттік қор тіл саясатындағы бірлескен әрекеттер бойынша елдегі саяси партиялармен ынтымақтастыққа әзір ? Б. Әбдіғалиев

АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Мемлекеттік тілді дамытудың Президенттік қоры тіл саясатындағы бірлескен әрекеттер бойынша елдегі саяси партиялардың барлығымен ынтымақтастыққа әзір.
None
None
Бүгін «Нұр Отан» ХДП мен Мемлекеттік тілді дамытудың Президенттік қоры арасында Тіл саясатындағы бірлескен қызмет туралы меморандумға қол қою рәсімі барысында Президенттік қор төрағасы Берік Әбдіғалиев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жалпы, тіл мәселесі бүкіл Қазақстан қоғамын біріктіретін фактор болуы тиіс. Сондықтан да бұл бағытта билік те, қоғам да, оппозиция да бірге болуы шарт. Ендігі күні «Нұр Отан» ХДП-дан басқа саяси партиялармен де тіл мәселесі бойынша жұмыс істеуге ниеттіміз. Дәл бүгінгі тіл мәселесіндегі бірлескен іс-қимыл туралы меморандумды еліміздің басқа да саяси партияларымен қабылдасақ деген ойдамын. Өйткені, кеңесе отырып жұмылған күштің маңызы зор болмақ», деді Б. Әбдіғалиев. Сөз соңында «Нұр Отан» ХДП?мен жасалған меморандумды тіл саясатын дамытудағы тиімді қадам ретінде атап өткен Қор төрағасы, алдағы уақытта да кешенді шаралар атқаруда ынтымақтастықта болатынын жеткізді. «Мұндай меморандумға кабинет ішінде де қол қоя салсақ болатын еді. Бірақ, «Нұр Отан» ХДП мен Президенттік қор жұртшылық алдында міндеттеме алғанын білдіргісі келеді. Шындығында, тіл саясатына қатысты жоспарларымыздың орындалуын жыл соңына қарай талап етулеріңізге әбден болады», деді Б. Әбдіғалиев.
Соңғы жаңалықтар