Президенттік сайлауда Хамид Карзай алда келеді
Ауғанстанның Тәуелсіз сайлау комиссиясы хабарлағандай, Карзайды қолдап сайлаушылардың 47,3 пайызы - 3 миллион 689 мың 715 адам дауыс берген, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Екінші орында 32,6 пайыз дауыспен (1 миллион 201 мың 838 бюллетень) елдің бұрынғы сыртқы істер министрі және этникалық тәжік Абдулла Абдулла тұр. Ал үштікті 11,6 пайыз дауыспен (426 мың 331 бюллетень) Рамазан Башардост тұр.
Британдық «Скай ньюс» телеарнасының хабарлауынша, Карзайға берілген дауыстың өсуі оның бірінші кезеңде-ақ жеңіске жететінін, дауыс берудің екінші туры болмайтынын көрсетіп отыр. Бұл негізінен, тәжік, өзбек сияқты аз ұлт өкілдері тұратын елдің солтүстігіндегі дауыс беру нәтижелерінің есептеліп болуымен байланысты.