Президенттік сайлауға Жаңақала ауданының жұртшылығы да белсене қатыспақ
ОРАЛ. 21 наурыз. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Биылғы 3 сәуірде өтетін президенттік сайлауға Жаңақала ауданының жұртшылығы да белсене қатыспақ.
Аудан әкімінің орынбасары Закария Сисенғалидың айтуынша, осыған орай сайлау комиссиялары әзірлік жұмыстарын тиянақты жүргізуде. Бірнеше рет семинарлар өткізілді. Президенттікке үміткерлердің сенім білдірген өкілдері халықпен кездесуде.
Сайлаушылар тізімі нақтыланды. Күні бүгін ауданда 13441 сайлаушы тіркелген. Соның 4713-і бюджеттік сала, мекеме-кәсіпорын қызметкерлері болса, 1808-і - зейнеткерлер. 359-ы студенттер болса, 5586-сы - өзін-өзі қамтушылар. Сонымен қатар 18 мектеп оқушысы тұңғыш рет дауыс беретін болады.