Президенттікке кандидаттар медициналық куәландырудан өтеді
«Атап айтқанда, «Сайлау туралы» Конституциялық заңында сайлаушылар мен сайлау үдерісіне қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында түзетулер көзделген. Президенттікке кандидатқа қойылатын қосымша талаптар енгізіледі. Осы орайда мемлекеттік қызметте немесе сайланатын мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жыл тәжірибесінің болуы, міндеттерін орындауға кедергі болатын аурулардың жоқтығын растау ескерілген. Ол үшін медициналық куәландырудан өтеді»,- деді министр.
Тілшілерге берген сұхбатында М. Бекетаев талап барлық кандидаттарға міндетті болатынын жеткізді. Бұл ретте талаптар нақты жазылып, атқарылатын рәсімдер ашық әрі түсінікті түрде атап көрсетіледі.
«Егжей-тегжейлі реттеу шаралар кейінірек бекітіледі. Маңызды мемлекеттік қызметтерді орындау үшін кандидаттар осыған дайын болуы тиіс»,-деп тоқталды министр.