Президенттікке кандидаттарды мемлекеттік тілден үлкен емтихан күтіп тұр - ОСК-ның төрағасы

АНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Соңғы уақытта республика азаматтарының мемлекеттік тілді білу деңгейіне қойылатын талаптар жоғарылады.
None
None

Сондықтан Мемлекет басшысы лауазымына кандидат үшін бұл өте маңызды мәселе», - деді бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов аталмыш комиссияның отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, бұл мәселеде кандидаттардың алдында айтарлықтай қиын да жауапты емтихан тұр. «Елбасы өзінің қаңтар айындағы Жолдауында алдағы жылдары халықтың 80 пайызға жуығы мемлекеттік тілді меңгеруі тиіс деген мақсат қойған болатын. Олай болса, сайланған Президент халқының басым көпшілігі қазақ тілін білетін мемлекетті басқаратын болады», - деді Қ.Тұрғанқұлов.

Соңғы жаңалықтар