12:59, 15 Ақпан 2011 | GMT +5
Президенттіктен үміткер Қанат Есжанов бүгін мемлекеттік тілден емтихан тапсырады
АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясына кезектен тыс Президент сайлауына қатысуға 6-шы болып өтініш түсірген Қанат Есжанов Президентікке кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссиясына емтихан тапсырады.
Астана қаласының 48 жастағы тұрғыны Қанат Есжанов уақытша жұмыссыз. Ол кезектен тыс сайлауға өзін-өзі ұсыну жолымен келіп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, лингвистикалық комиссия Президенттікке үміткерлерден емтиханды 3 түрлі деңгей бойынша алады. Біріншіден, үміткер 2 беттен кем емес шығарма жазуы керек. Екіншіден, қазақ классиктерінің шығармаларынан үзінді оқиды. Үшінші кезең бойынша белгілі бір тақырыпта көпшілік алдында сөйлеу шеберлігін көрсетеді.