Президенттің «Алтын сапа» байқауына құжат қабылдау басталды

Биыл үздіктер үш аталым бойынша анықталады: «Өндірістік бағыттағы үздік кәсіпорын», «Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын» және «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын».
«Алтын сапа» президенттік сыйлығы сапалы тауар және қызмет көрсету саласында үлкен табыстарға жеткен, тиімділігі жоғары сапа менеджментін сәтті енгізген кәсіпорындарға беріледі.
Әрбір аталым бойынша келесі санаттар бойынша екі сыйлық беріледі:
1. Ірі кәсіпкерлік субъектісі
2. Орта кәсіпкерлік субъектісі
3. Шағын кәсіпкерлік субъектісі
«Байқауға қатысу өте оңай. Байқау ұйымдастырушыларына 2015 жылдың 1 шілдесіне дейін қатысу туралы өтінішті тастаса болды», - делінген ҰКП хабарламасында.
Осы жылдан бастап ҰКП «Қазақстанның үздік тауары» байқауының ұйымдастырушысы болып танылды. Байқау «Өндірістік бағыттағы үздік тауар», «Халық тұтынатын үздік тауар» және «Үздік азық-түлік тауары» атты үш аталым бойынша өтеді.
Дипломанттар байқау эмблемасын төрт жыл бойы жарнамалық мақсаттарға пайдалану құқығына ие болады.