Президенттің Конституциялық кеңеске жолдаған үндеуімен жұмыс істеуге білікті сарапшылар тартылуда

«Референдумда ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың президенттік өкілеттігін ұзарту мүмкіндігін қарастырған жоғарыдағы заң 14 қаңтарда Парламент палаталарының бірлескен отырысында қабылданып, Елбасыға қол қоюға жіберілген болатын. Конституциялық кеңес 17 қаңтардағы отырысында Елбасының осы үндеуін қарауға қабылдады», - делінген баспасөз мәслихатында.
Қазір мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатарынан конституциялық өндіріске қатысушыларды анықтау, қажетті құжаттар мен басқа да материалдарды жинау және зерделеу жөніндегі дайындық жұмыстары басталды. Бұл жұмысқа ең білікті отандық және шетелдік сарапшылар тартылуда.
Ата заңға сәйкес Конституциялық кеңес Елбасының үндеуін бір айдың ішінде қарап шығып, қорытынды шығаруы керек.