Президенттің жаңа саяси бағыты бізге жаңа міндет жүктейді - ақтөбелік кәсіпкер

АҚТӨБЕ. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының кеше Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс барысында жариялаған жаңа саяси бағыты біздің алдымызға жаңа мақсаттар мен міндеттер жүктейді», - деп есептейді Шалқар ауданының кәсіпкері Нұрхат Жахияз.

Президенттің жаңа саяси бағыты бізге жаңа міндет жүктейді - ақтөбелік кәсіпкер

- Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Жолдауларында ел дамуының қорытындыларын шығарады, жаңа бағыттарын белгілейді. Мемлекет Басшысының соңғы Жолдауында ол ел дамуы үшін 2050 жылға дейінгі жаңа стратегиялық міндеттерді жүктеді. Бұл құжатта ол ондаған жылдардан кейінгі Қазақстанның стратегиялық көрінісі мен даму жоспарына тоқталып, әдеттегідей жаһандық қауіп-қатерлерді атап көрсетіп, ықтимал проблемалардың шешу жолдарын дайындады», - дейді кәсіпкер.

Ол елдің қуатты индустриясыз болашағы жоқ деген пікірмен де келісті. Бұл ғылымды дамыту, жаңа технологияларды енгізу, жоғары кәсіби мамандарды даярлау қажеттілігін көрсетеді.

Нұрхат Жахияз Президент әлеуметтік сала, шағын және орта бизнес, жастарға ерекше көңіл бөле отырып, көреген саясаткер және экономист ретінде елді әрқашан сара жолмен жүргізіп келетінін атап өтті.