Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Президенттің Жарлығымен Министрлер кабинеті Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқара беретін болады

АНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Министрлер кабинеті Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқара беретін болады.

Президенттің Жарлығымен Министрлер кабинеті Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқара беретін болады

Бүгін жаңа мерзімдегі президенттік қызметіне кіріскен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болсын деген Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметінне хабарлады.

Жарлықта Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болсын деп қаулы етілген. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, ҚР Конституциясының 70-бабының 1-тармағына сәйкес, бүгін Кәрім Мәсімов басқарған Қазақстан Үкіметі жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Президентінің алдында өз өкілеттігін доғарды

«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа! Қазақстан Республикасы Конституциясы 70-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының жаңадан сайланған Президентінің алдында өз өкілеттігімізді доғарамыз»,-деді ҚР Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Кәрім Мәсімов Үкіметтің бүгінгі соңғы мәжілісінде.