Президенттің Жолдауы шағын және орта бизнеске жаңа серпін береді ? Атырау

АТЫРАУ. Наурыздың 8-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ – Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауы шағын және орта бизнестің экономикалық белсенділігін сақтау үшін жаңа серпін береді,
None
None
деп санайды «Кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы» атыраулық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әлия Бекқожиева, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Мен бірінші кезекте Мемлекет басшысының әкімдердің жергілікті өндіріске көңіл бөлу керектігіне кеңес бергенін атаған болар едім. Бұл әкімдерге тек шағын және орта бизнестің белсенділігін сақтауда ғана емес, сонымен қатар қазіргі күрделі жағдайда олардың қызметтерін барынша кеңейту мүмкіндігіне де жауаптылық жүктейді», ? деді Ә.Бекқожиева.Оның пікірінше, Атырау облысында бұл үшін барлық алғышарттар бар. Президенттің Жолдауында аймақта осы жылдың өзінде мұнай-химия кешенінің құрылатыны айтылған. Демек, осы өндірістің айналасында мұнай-химия өнеркәсібімен айналысатын мыңдаған адамдарға түрлі қызметтер көрсететін шағын және орта бизнес кәсіпорындары құрылатын болады. «Бұл бізге үлкен мүмкіндік береді. Ал қазіргі сәтте бизнесмендер сүт, азық-түлік өнімдерін өндіруге, аграрлық өнеркәсіп кешеніне өз қаражаттарын сала алады. Бұл біздер үшін үлкен көмек. Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» қорынан қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктер несиелер бере бастайды. Бірінші және екінші транштар болып өтті және үшінші транш енді қолға алынады», ? деді Ә.Бекқожиева.
Соңғы жаңалықтар