Президенттің арнаулы әдеби сыйлығына ие болған жас авторлар анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы «2025 жылы қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттің арнаулы әдеби сыйлығын беру туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы
Фото: Ақорда

Биыл жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттің арнаулы әдеби сыйлығы:

«Проза» номинациясы бойынша «Тергеуші» туындысы үшін Арман Ерланұлы Әлменбетке;

«Поэзия» номинациясы бойынша «Құмдағы хикая» өлеңдер жинағы үшін Саян Кенжеғалиұлы Есжановқа;

«Драматургия» номинациясы бойынша «Ақ киіз» драмалық шығармасы үшін Бауыржан Ширмединұлы Мұстафиевке;

«Балалар әдебиеті» номинациясы бойынша «Жазда атамның ауылында...» өлеңдер жинағы үшін Асылан Біржанұлы Тілегеновке берілді. 

Айта кетелік кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратура, Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі қызметкерлеріне пәтер кілтін табыстаған еді

Соңғы жаңалықтар