Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары, сондай-ақ Алғысы биыл да беріледі
АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мемлекет басшысының БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары, сондай-ақ Алғысы биыл да берілетінін мәлімдеді.

- Жылдағы дәстүрге сәйкес, биыл да ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары, сондай-ақ Алғысы беріледі
Байқауға қатысу үшін ұсынымдар 2025 жылдың 2 мамырынан бастап 10 маусымға дейін қабылданады, - деп жазды Руслан Желдібай желідегі парақшасына.
Айта кетерлігі, үміткерлер мен шығармашылық ұжымдарды бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік органдар ұсына алады.
Конкурсқа 2024 жылғы 1 маусым мен 2025 жылғы 31 мамыр аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар қабылданады.
Қосымша мәліметтер Ақорданың ресми сайтына 2 мамыр күні жарияланады.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасын жаңғырту туралы 2007 жылғы Жарлыққа өзгеріс енгізді.