18:21, 23 Қыркүйек 2025 | GMT +5
БҰҰ Бас ассамблеясының 80-сессиясы: Jibek Joly Президенттің сөз сөйлеуін онлайн көрсетеді
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясындағы Жалпы дебатта сөз сөйлейді. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөз сөйлеуі Jibek Joly арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының сөзін Ақорданың әлеуметтік желілердегі парақшаларынан және 24kz телеарнасынан Астана уақытымен сағат 21:30 шамасында көруге болады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 80-сессиясының Жалпы дебаттың ашылуына қатысады.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдері басшыларының ішінде бірінші болып сөз сөйлейді. Барлығы 97 мемлекет басшысы қатысады.