Президенттің құттықтауы ел бойынша 50-ге жуық LED-экранда көрсетілді

АСТАНА. KAZINFORM — Жаңа жыл түнінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауы еліміздің барлық аймағындағы қоғамдық орындарда орнатылған LED-экрандарда көрсетілді. Бұл халыққа телеэкраннан ғана емес, адамдар көп жиналатын орындарда да құттықтауды көруге және тыңдауға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

президент құттықтауы
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың дәстүрлі жаңа жылдық құттықтауы еліміздің барлық аумағында қоғамдық орындарда орнатылған LED-экрандарда көрсетілді - орталық алаңдарда, скверлерде және саябақтарда, тарихи-мәдени нысандардың жанында, сондай-ақ әуежайлар мен теміржол вокзалдарында.

президент құттықтауы
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Бұдан бөлек, алғаш рет құттықтау Jibek joly радиосының эфирінде трансляцияланды. Сондай-ақ, бейнетрансляция Jibek joly телеарнасында да көрсетілді.

Жалпы трансляция үшін 50-ге LED-экран пайдаланылды. Олардың бір бөлігі ірі қалалардағы орталықтарда, қалғандары аудандық маңызы бар елді мекендерде орнатылған. Барлық экран Full HD форматында жұмыс істеп, бейне мен дыбыстың жоғары сапасын қамтамасыз етті.

Кей қоғамдық орында көрсетілім жаңа жылдық іс-шаралармен сүйемелденіп, мерекелік атмосфера мен Мемлекет басшысының ресми үндеуін біртұтас форматқа біріктірді.

құттықтау
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Жаңа жылдық құттықтауды түн ортасында көре алмағандар үшін кейбір өңірлерде жаңа жылдың алғашқы күнінде, сағат 12:00 мен 17:00-де ашық аспан аясында қайталап көрсету ұйымдастырылды.

Jibek joly телеарнасының көрермендерге арналған жаңа жылдық сыйлығының бірі — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, сатира актері Тұрсынбек Қабатовтың жеке шығармашылық концерті болды. Концерт 31 желтоқсан күні сағат 21:30-да эфирге шықты. Бағдарлама түрлі буын өкілдерін біріктіріп, көрермендерді Жаңа жылмен құттықтады. Сонымен қатар, бағдарламада әдеттегідей қоғамдағы оқиғалар, адамдардың мінез-құлқы мен әл-ауқаты нәзік әрі әзілмен жеткізіліп, көрермендерге күлкі мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Концерт отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтті.

Бұған дейін ibek Joly арнасындағы жаңа жылдық телепремьералар туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар