Президент Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы экология туралы келісімге қатысты заңға қол қойды

АСТАНА. KAZINFORM – Ақорда Президенттің Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы экология туралы келісімге қатысты заңға қол қойғанын мәлімдеді.

Қазақстан Өзбекстан
Фото: Kazinform

«Мемлекет басшысы „Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы“ Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — деп жазылған құжатта.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Соңғы жаңалықтар