16:22, 17 Ақпан 2009 | GMT +5
Приозер гарнизонының әскери қызметкерлері қоныс тойын өткізуде
АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат – Приозер гарнизонының әскери қызметшілері күрделі жөндеуден кейін пайдалануға берілген 48 жайлы пәтердің кілттерін алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оның салтанатты рәсіміне Приозер қаласының әкімі Н.Бикиров, мәслихат хатшысы Е.Омаров, гарнизон бастығы, полковник Н.Мисюра қатысты. Н.Мисюра таяу арада Приозер абаттанған гарнизонға айналатынын атап өтті, бүгінде құрылыс, күрделі және ағымдағы жөндеу саласындағы барлық жұмыстар заманауи, шағын әскери қалашықтарды салуға бағытталып отыр. Приозер қаласының әкімі әскери қызметшілер мен олардың отбасыларын жаңа қоныстарымен құттықтап, ҚР Қарулы Күштерінің жауынгерлері алдағы уақытта да әскери даярлықтарын арттыра отырып, өздерінің шеберліктерін және кәсіби біліктілігін жетілдіре түседі деген кәміл сенімін білдірді.