«Прогресс» кемесі Халықаралық ғарыш стансысына түйісті

АСТАНА. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат - Ақпанның 3-інде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған ресейлік «Прогресс» жүк кемесі Халықаралық ғарыш стансысына сәтті түйісті.

«Прогресс»    кемесі Халықаралық ғарыш стансысына  түйісті

Ұшу сапарларын басқару орталығынан хабарлағандай, түйісу автоматтық режімде ешқандай проблемасыз өтті.

Жүк кемесі орбитаға 2,5 мың тоннадан астам жүк, атап айтқанда ресейлік сегменттің жаңа модулына арналған жабдықтар, азық-түліктер, ауыз су, отын және экипажға арналған заттар жеткізілді.