Прокуратура 21 мыңнан астам спортшының құқығын қорғады

АСТАНА. KAZINFORM — Облыс прокуратурасы өңірдің 21 мыңнан астам спортшының және 1,1 мың жаттықтырушының құқығы қорғалды. 

прокуратура
Фото: Максат Шагырбаев/ Kazinform

Атап айтқанда, прокурорлық қадағалау актісі негізінде спортшыларға, оның ішінде мүгедектігі бар спортшыларға тиесілі төлемдердің уақытылы төленуі қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, құжаттарды дереу жолдау тәртібі және комиссияның отырыстарын ай сайын өткізу қалыптастырылды.

Құжаттардың уақытылы жолдануы, ай сайынғы төлемдерді тағайындауды тездетеді, бұл өз кезегінде өңіріміздің спортшыларын жетістіктерге жетуге ынталандырады және уақтылы тиісті төлемдерін алуын қамтамасыз етеді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде спортшылардың құқықтарының бұзылуына жол берген кінәлі тұлғалар жауаптылыққа тартылды. 

Айта кетелік Ақмола облысында дәрігердің қызметтік пәтерін қайтаруға прокуратура араласқан еді