Прокуратура мүмкіндіктері шектеулі балалар құқықтарының бұзылуын анықтады - Павлодар облысы

Олардың арасында - мүгедек балалардың әлеуметтік, медициналық және оңалту көмектеріне деген құқықтарының бұзылуы бар. Арнайы ұйымдардың жетіспеушілігі мен жұмыс істеп жүрген білім беру нысандарының жеткіліксіз материалдық қамтылуы, мамандармен жеткіліксіз жасақтануы, санитарлық және өртке қарсы ережелер мен нормаларды сақтамау деректері анықталды.
Кейбір мамандандырылған мекемелердегі психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері ұсынылған талаптарға сай емес, дефектолог мұғалімі, ЛФК маманы, невропатолог дәрігері қызметтері жоқ. Медициналық қызметкерлер мерзімі өтіп кеткен сертификаттармен жұмыс істеген, дәрілік құралдарды сақтау ережелері бұзылған. Мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманы бұзу анықталған.
Прокурорлық тесерістердің қорытындысы бойынша 13 адам тәртіптік, ал тоғыз адам - әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мемлекетке келтірілген нұқсан ретінде 291 мың теңге көлемінде ақша қайтарылды, мүмкіндіктері шектеулі 232 баланың конституциялық құқықтары қорғалды.