Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Прокуратура нашар еститін балаларға арналған интернаттың басшылығы мен қызметкерлерін жауапқа тартты

ШЫМКЕНТ. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық прокуратурасы Леңгір қаласындағы нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернатта

Прокуратура нашар еститін балаларға арналған интернаттың басшылығы мен қызметкерлерін жауапқа тартты

тәрбиеленіп жатқан мүгедек балалардың ата-аналарының шағымдары бойынша тексеріс жүргізді, деп хабарлады ОҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Ата-аналар балаларға дұрыс қарамады, оларға қауіп тудырды деп, ұжымды кінәлауда. Мәселен, бесінші сынып оқушысының анасы Бибайша Әбдірайымова құлағында мүкісі бар баласының басына тігілген қымбат аппарат соққының салдарынан зақымдалғанын айтады. Ал балалар оның үстіне шкаф құлағанын айтқан. Бұдан бөлек басқа да шағымдар болды.

Педагогтардың өз міндеттеріне селқос қарағандығы, балаларға тиісті назар аударылмағандығы анықталды, деп атап өтті ОҚО прокуратурасының баспасөз хатшысы Шағала Момынханқызы.

Мектеп-интернаттың директоры А.Ахметбеков пен математика мұғалімі А.Айнабековаға «қатаң сөгіс» жарияланды, тәрбиелеуші Б.Орынбасарова қызметінен босатылды, бастауыш сынып мұғалімі Р.Топатаева мен директордың шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасары Е.Тұрлыбекке «сөгіс» жарияланды», - деді Ш.Момынханқызы.

Бұдан басқа, аудан прокуратурасы заңды тұлға - нашар еститін балаларға арналған Леңгір мектеп-интернатына қатысты, мектеп ғимаратында санитарлық нормалар мен ережелерді сақтамағаны үшін Әкімшілік кодекстің 323-бабы, 1-бөліміне сәйкес әкімшілік өндіріс қозғады.