13:06, 25 Ақпан 2009 | GMT +5
Прокуратура оқушылардың білімге деген құқықтарын қорғады
ТАЛДЫҚОРҒАН. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Оқушылардың білімге деген құқықтарын қорғау мақсатында Іле ауданының прокуратурасы оқу ақысы төлемін кейін шегеру мүмкіндіктері туралы меморандумдарға қол қойды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аудан прокурорының аға көмекшісі Бауыржан Ыбраев хабарлағандай, бұл келісімге аудан аумағында орналасқан Экономика және құқық колледжі мен «Прогресс» политехникалық колледжі қол қойып отыр. Қадағалаушы орган мен оқу орындары қол жеткізіп отырған бұл келісім оқу мекемелерінде орнықтылықты сақтауға мүмкіндік береді.