Прокуратура органдарының арасында мини-футбол чемпионатының ақтық ойындары өтеді - Бас Прокурордың Кубогы
АСТАНА. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат - Тамыздың 25-26-сында Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған ҚР Бас Прокурорының Кубогы үшін прокуратура органдарының арасында мини-футбол чемпионатының ақтық ойындары өтеді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Чемпионаттың іріктеу ойындары бұған дейін бес аймақта - Астана, Тараз, Көкшетау, Ақтөбе және Өскемен қалаларында өткен болатын.
Ақтық матчтарға аймақтық топтардың жеңімпаздары - Бас прокуратураның, Бас әскери прокуратураның, Алматы қаласы, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау және Алматы облыстары прокуратураларының командалары қатысады.
Чемпионаттың жабылуы мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімдері тамыздың 26-сына белгіленіп отыр.