Прокуратураның араласуымен 132 қылмыс қосымша есепке қойылды - Батыс Қазақстан

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Прокуратураның араласуымен ішкі істер және қаржы полициясы органдарының қылмыстық істі қозғаудан бас тарту,

азаматтар арызын тіркемеу және қасақана кісі өлтіру мен басқа да ауыр қылмыстарды «жеңілдету» жолымен  жасырған 132 қылмыс қосымша есепке қойылды. Бұл туралы облыс прокуроры Жақсылық Байтұқбаевтың төрағалық етуімен өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыған байланысты 102 лауазымды қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Алқа мәжілісінде оқушыларды медициналық қызметпен қамтуда да кемшіліктерге жол беріліп отырғаны атап өтілді. Мәселен, көптеген мектептерде медициналық кабинеттер талапқа сай жабдықталмаған. Сондай-ақ заңсыз медициналық қызметпен айналысу фактілері де анықталды. Тексеру қорытындыларына сәйкес 36 ұйғарым беріліп, 52 лауазымды қызметкер - әкімшілік, 10 адам - материалдық, 33 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Соңғы жаңалықтар