12:30, 25 Сәуір 2011 | GMT +5
Прокуратураның араласуымен 303 қызметкерге 11,7 млн. теңге жалақы қарызы өтелді - БҚО
ОРАЛ. 25 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласы прокуратурасы кәсіпорындарда еңбек заңдылығының сақталуына мониторинг жүргізу барысында «Оралстрой» ЖШС-ында қызметкерлердің жалақысы мерзімінде төленбей отырғандығын анықтады.
Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, атап айтқанда, 303 қызметкерге 2010 жылдың желтоқсаны мен биылғы ақпан аралығында 11721435 теңге төленбеген. Осыған байланысты прокуратура тарапынан қозғау салудың нәтижесінде жалақы қарызы толықтай өтеліп, қызметкерлердің конституциялық құқығы қорғалды.