12:05, 03 Қазан 2013 | GMT +5
Прокуратураның араласуымен балабақша қызметкерлерінің 5,745 млн. теңге көлеміндегі жалақылары қайтарылды - БҚО
ОРАЛ. 3 қазан. ҚазАқпарат - Бөкей ордасы ауданы прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуына мониторинг жүргізу барысында «Ер Төстік» балабақшасында 83 қызметкерге биылғы маусым, шілде айлары үшін 5,745 млн. теңге жалақы төленбегендігін анықтады.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, заңбұзушылықты жою туралы аудандық білім беру бөліміне ұйғарым беріліп, соның нәтижесінде еңбекақы берешегі толық өтелді.
Аудан прокуратурасы сонымен қатар аудандық білім беру бөлімінің басшысы Е.Иманбаев пен экономика және қаржы бөлімінің басшысы Н.Темірбаевты тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы аудан әкіміне ұсыныс жолдады. Ол қазір қаралу үстінде.