Прокуратураның араласуымен қызметкерлердің 3 млн. теңге жалақысы төленді

ОРАЛ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысы прокуратурасы «Газ-С» ЖШС қызметкерлерінің еңбек заңдылығы талаптарының бұзылғандығы жөнінде ұжымдық арызын қарады.
None
None

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, тексеру кезінде аталмыш серіктестіктің 55 қызметкерге биылғы наурыз-сәуір айлары үшін 3 млн. теңге көлемінде жалақыға қарыз болып қалғандығы анықталды. Осыған байланысты облыс прокуратурасы «Газ-С» ЖШС атына заңбұзушылықты жою туралы ұйғарым беріп, соның нәтижесінде берешек толықтай өтелді.

Соңғы жаңалықтар