Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Прокуратураның араласуымен мемлекетке 123,79 млн. теңге залал келтірген жалған кәсіпорынның күші жойылды - БҚО

ОРАЛ. 24 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласы прокуратурасының талапарызына сәйкес БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының үкімімен «Строй Сервис Орал KZ Монтаж» ЖШС-інің заңды тұлға ретіндегі мемлекеттік тіркеуінің күші жойылды.

Прокуратураның араласуымен мемлекетке 123,79 млн. теңге залал келтірген жалған кәсіпорынның күші жойылды - БҚО

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, аталмыш ЖШС директоры В.Карамышев 2008 жылдың қарашасы мен 2009 жылдың наурызы аралығында корпоративтік табыс салығы және қосымша құн салығы бойынша декларация бермеу жолымен 123790035 теңге салық төлеуден жалтарған, бұл екі мың айлық есептік көрсеткіштен асып түсетіндіктен, ірі көлемдегі сома болып табылады. Осы факті бойынша В.Карамышев Орал қалалық сотының үкімімен ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлімі «а, б» тармақтарына сәйкес 4 жыл 9 айға бас бостандығынан айрылған болатын. Сөйтіп, мемлекетке осыншама көлемде залал келтірген жалған кәсіпорынға нүкте қойылды.