Прокуратураның Ішкі істер министрлігіне қатысты келтірген мәліметтері шындыққа жанаспайды ? Б.Қожахметов

АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Ішкі істер органдарында азаматтық алуға қатысты жұмыстар бойынша көптеген кемшіліктер анықталды» деген ақпарат негізсіз.
None
None
Бүгін Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Бағдат Қожахметов аталмыш мәселе негізінде Бас прокуратураның өткен аптада келтірген мәліметтеріне осындай баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, Президент Әкімшілігінің нұсқауы негізінде Бас прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен ішкі істер саласына жүргізілген арнайы тексерулердің нәтижесі өткен аптада шыққан. Оған сәйкес тәртіп сақшылары қос азаматтық алуға қатысты мәселеде ешқандай да кемшілік жібермеген. Тек азаматтық алуға қатысты құжаттарды қарау жұмыстарының шектен тыс ұзаққа созылғандығына байланысты 40 оқиғаның бесеуі ғана расталды. «Осы орайда айта кететін жайт, Елбасы бұл мәселеге қатысты Ішкі істер министріне көші-қон жұмыстарын жіті бақылауда ұстау жөнінде бірқатар міндеттер қойды. Сол себепті қазір Көші-қон полициясының іс-қимылдары министрлік басшылығының назарында және оның жұмысында ешқандай да кемшіліктер болуы мүмкін емес», - деді департамент бастығы.
Соңғы жаңалықтар