Прокурор ШҚО әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Омарды 6 жылға соттауды сұрады

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскеменде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омардың ісіне қатысты екінші сот отырысы өтті.

Жақсылық Омар
Фото: instagram.com/zhaksylyk_omar

Сот барысында мемлекеттік айыптаушы судьядан іске негіз болған Camri көлігін тәркілеуді, Жақсылық Омарды мемлекеттік қызметтен өмір бойына шеттетуді, ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1, 2-тармақтары (ірі мөлшердегі алаяқтық), 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (ірі мөлшерде пара алу) бойынша 6 жылға соттауды сұрады.

Ал сөз алған ШҚО әкімі бірінші орынбасарының адвокаты судьядан бас бостандығын айырмау жазасын қолдануды өтінді. Жақсылық Омардың 7 баласы мен қарт ата-анасы барын айтты.

Айыпталушы болса өз кінәсін толық мойындағанын, келтірілген шығын өтелгенін жеткізді.

Айта кетейік, 19 наурызда Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сот процесі басталған болатын.

Айыпталушы 6 млн теңге пара алғанын мойындаған еді.

Еске салсақ, осыған дейін Түркістанда ветеринария саласында 928 млн теңге жымқырылып, 4 адам қамауға алынғаны хабарланған.