Прокурор жол-көлік апатынан кейін қызметінен босатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу түбіндегі Электросталь прокуроры мотоциклші зардап шеккен жол-көлік апатынан кейін қызметінен босатылды, деп хабарлады ТАСС Ресейдің Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Прокурор жол-көлік апатынан кейін қызметінен босатылды

«9 тамызға қараған түні Мәскеу облысы Ногинский ауданы Старая Купавняда Электросталь прокуроры Николай Шипунов жүргізген көлік жол-көлік апатына ұшырады. Осыған байланысты прокуратура органдары қызметтік тексеріс жүргізді. Нәтижесінде Шипунов Бас прокурордың м.а. Александр Буксманның бұйрығымен 10 тамызда қызметінен босатылды», - деп хабарлады ведомствода.

Мәскеу түбіндегі құқық қорғау органдары мәлім еткендей, прокурор көлігі байкермен соқтығысқан. Байкер ауыр жарақаттанды. Ақпарат көзі атап өткендей, алдын ала болжам бойынша көлік рулінде прокурордың өзі болған.