Прокурордың талап арызы бойынша жалған кәсіпорынның күші жойылды - БҚО

ОРАЛ. 19 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласы прокурорының талап арызына сәйкес БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен «С.Макдак» ЖШС-інің заңды тұлға ретіндегі мемлекеттік тіркеуінің күші жойылды.
None
None

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, аталмыш ЖШС директоры А.Уткин 2003 жылдың наурызы мен 2004 жылдың маусымы аралығында мемлекетке 41,9 миллионнан астам теңге көлемінде салық төлеуден жалтарған. Соған сәйкес Орал қалалық сотының үкімімен А.Уткин 2007 жылы мүлкі тәркіленіп, жалпы тәртіптегі түзету колониясында жазасын өтеу үшін бес жылға сотталған болатын.

Соңғы жаңалықтар