Прокурорлар 5 мыңға жуық жұмысшының 245 миллион теңге жалақысын өндіріп берді

АСТАНА. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ақпанның 24-і мен наурыздың 4-і аралығында еліміздің прокурорлары 5 мыңға жуық жұмысшының құқын қорғап, олардың 245 миллион теңге жалақысын өндіріп берді.
None
None
Бұл туралы бүгін апталық брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, 2 мыңға жуық азаматтың жалақылары прокурорлардың ұйғарымымен берілген. Бұл соманың құны 79 миллион теңгені құрап отыр. «Сондай-ақ прокурорлар аталмыш мерзім ішінде жалақыны өндіріп беруге байланысты 230 миллион теңгенің прокурорлық актілерін енгізген. Бұл 4 мыңнан астам жұмысшының құқықтарына байланысты мәселе. Олардың арасында 3,5 мыңнан астам жұмысшының 215 миллион теңгесіне қатысты 5 ұйғарым бар», - деді ресми өкіл.
Соңғы жаңалықтар