Прокурорлар өткен аптада 2 мыңнан астам жұмысшының 149 миллион теңгені құрайтын жалақыларын алуларына ықпал етті
АСТАНА. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Наурыздың 4-і мен 17-сі аралығында прокурорлар 2 мыңнан астам жұмысшының 149 миллион теңгені құрайтын жалақыларын алуларына ықпал етті. Бұл туралы бүгін журналистермен болған апталық брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның мәліметтеріне қарағанда, аталған мерзімде прокуратура өкілдері 3 мыңнан астам жұмысшының 217 миллион теңгесін өтеу жөнінде прокурорлық қадағалау актілерін енгізген. Сондай-ақ 1 мың жұмысшының 108 миллион теңгені құрайтын жалақысын өтеу жөніндегі 4 ұйғарым қазір орындалу үстінде.