Прокурорлар өз бизнесінің пайдасына заңсыз іс-әрекеттерге барған лауазымды тұлғаларды анықтады

АСТАНА. Мамырдың 21-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Прокурорлар өз бизнесінің пайдасына заңсыз іс-әрекеттерге барған лауазымды тұлғаларды анықтады. Бұл туралы бүгін апталық брифингіде Бас прокуратураның ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов мәлім етті,

Прокурорлар өз бизнесінің пайдасына заңсыз іс-әрекеттерге барған лауазымды тұлғаларды анықтады
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша прокуратура органдары мемлекеттік органдардың лауазымды қызметкерлерінің мемлекеттік экономикалық мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кезінде өз бизнесінің пайдасы үшін немесе пайдакүнемдікпен біреулердің мүддесін қолдау мақсатындағы іс-әрекеттері тексерілген.Тексеру жүргізудің алдында прокурорлар азаматтардың осындай фактілер көрсетілген шағымдарына, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалаларға талдау жүргізді. Талдау нәтижесі бойынша қолға алынған тексерулер лауазымды қызметкерлердің өзінің және басқа адамдардың бизнесіне, әсіресе, мемлекеттік сатып алу саласында қолдау жасау және сол мақсатта заңды тұлғаларға кедергі келтіру және басқа мемлекеттік органдар қызметіне заңсыз араласу фактілерін анықтады.Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында Қызылқия ауылдық округінің әкімі Мәмбеталиев қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, пайдакүнемдік мақсатында «Мақсат - келешек» шаруа қожалығының 7,2 млн. теңге заңсыз субсидия алуына жәрдемдескен, ал бұл шаруашылықтың қожайыны - әйелі Пайзиева болып шықты. Прокурорлық тексеру материалдары бойынша қаржы полициясы Мәмбеталиевке қатысты қылмыстық іс қозғады.