Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Прокурорлық ықпал ету шаралары нәтижесінде жұмысшылардың 55 млн. астам теңге жалақысы қайтарылды

ОРАЛ. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Биылғы жыл басынан бері прокурорлық ықпал ету шаралары нәтижесінде жұмысшылардың 55 млн. астам теңге жалақысы қайтарылды,

Прокурорлық ықпал ету шаралары нәтижесінде жұмысшылардың 55 млн. астам теңге жалақысы қайтарылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық прокуратура мәліметіне қарағанда, осы кезеңде үш мыңнан астам облыс тұрғынының конституциялық құқығы қорғалды. Сондай-ақ сот қаулылары бойынша заңды және жеке тұлғалардан бережақты өндіруде де біраз жұмыстар жасалуда. Биылғы бірінші тоқсанда 73 млн. астам теңге өндірілсе, соның 14 миллионы мемлекет пайдасына түсті. Мұндай шаралар қала прокуратурасы тарапынан да қолданылуда. Айталық, 2008 жылдан бері 92 млн. астам теңге жалақы өтеліп, 2637 азаматтың құқығы қорғалды. Қала прокуратурасының араласуымен «Оралқұрылыс» ЖШС-ының 146 қызметкеріне желтоқсан-ақпан айларының жалақысы төленді. Қазіргі кезде қалада сегіз кәсіпорын өз қызметкерлеріне 48,5 млн. теңге берешек. Қала прокурорының орынбасары Дәурен Омарғалиевтің сөзіне қарағанда, мұндағы басты себеп тендерлердің уақтылы өткізілмеуіне байланысты тапсырыс берушілердің қаржыны төлемеуінен болып отыр.