18:32, 06 Мамыр 2017 | GMT +5
Пуэрто-Рикода экономикалық дағдарыс салдарынан 200 мектеп жабылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пуэрто-Рикода экономикалық дағдарыс салдарынан кем дегенде 184 мемлекеттік білім ошағы жабылады, деп хабарлайды Ассошиэйтед Пресс агенттігі елдің білім беру департаментінің басшысы Йоланда Росалиге сілтеме жасап.
Білім беру басқармасының дерегі бойынша, 27 мың оқушы мамыр айының соңында басқа мектептерге ауыстырылады.
Пуэрто-Рикода барлығы 1292 мемлекеттік мектеп бар, онда 365 мың оқушы білім алып жатыр.
Елдің мемлекеттік қарызының жалпы сомасы 70 миллиард долларды құрайды.