«Пуласан» тайфуны Шығыс Қытайға жетті

АСТАНА. KAZINFORM –  Биыл 14-ші рет cоққан «Пуласан» тайфуны Чжэцзян провинциясы мен Шанхай қаласының жағалауына жетті. Бұл туралы Шанхай метеорологиялық орталығының хабарламасында айтылған.

Қытай
Фото: thepaper.cn

Эпицентрінде күші секундына 23 метр болған тайфун бейсенбі күні кешкі сағат 21:45 шамасында Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясына жеткеннен кейін Шанхайдың Фэнсянь ауданында соқты.

20 қыркүйек күні таңғы сағат 9:00-де Шанхайдың жағалау аудандарында 300 мм-ден астам жауын-шашын жауып, тарихи рекордты жаңартты.

«Пуласан» тайфуны – осы аптада Шығыс Қытайда соққан екінші тайфун. Дүйсенбіде «Бебинка» тайфуны Қытай мегаполисіне жетіп, 1949 жылы ҚХР құрылғаннан бері Шанхайда соққан ең күшті тайфун болды.

Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясының метеорологиялық орталығы ның болжамынша, «Пуласан» тайфунының қарқындылығы бірте-бірте әлсірейді.

Соңғы жаңалықтар